????????Бұл сайлау - малды қораға айдап кіргізгенмен тең....
2 лет назад от ZTB | QAZAQSTAN
????????Бұл сайлау - малды қораға айдап кіргізгенмен тең. Түрікменстанда 26 наурыз күні өткен парламент депутаттарын сайлауда адамдар шетелге кеткен туыстарының атынан дауыс берген. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды.
Түрікменстан орталық сайлау комиссиясының мәліметіне қарағанда, республика уәлаяттарының барлығында сайлаушылардың кем дегенде 83 пайызы дауыс берген. Ал республика билігі халыққа шетелге кеткен туыстарының орнына дауыс беруді алдын ала ескерткен екен.
«Түрікменабад қаласында сайлауға дайындық тобы үйлерді аралап, 18 жасқа толғандарды тіркеген. Шетелге кеткен туыстарының да паспорт мәліметтерін алып, сайлау күні Түрікменстанда болмаған азаматтардың атынан олардың туыстары дауыс беретінін ескерткен»,- делінген хабарлама түсіндірмесінде.
Сайлаушылардың айтуынша «депутаттыққа кандидаттарды ешкім білмейді, оларды билік өзі тағайындайтынын» атап өтіп «Бұл сайлау – малды қораға айдап кіргізгенмен тең. Бұған кеткен шығынды аш-жалаңашқа бергені жақсы еді» деген. Тіпті сайлау өтерден алдын республикада интернет сапасы күрт нашарлаған.

Категория:
За жизнь