Қасиетті Рамазан айында мешіттерде шу шығып, соңы...
2 лет назад от ZTB | QAZAQSTAN
Қасиетті Рамазан айында мешіттерде шу шығып, соңы қарулы қақтығысқа ұласты. Мұндай жағдайлар жыл сайын қайталануда. Таяуда орын алған Израильдегі Әл-Ақса мешітінде болған жағдайға қатысты, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан қандай ұстанымда екенін мәлімдеді.
Оның айтуынша, Қазақстан Таяу Шығыстағы Әл-Ақса мешітінде болған шабуылдарға байланысты шиеленіс туындап, іріткі салушылардың пайда болғанына алаңдаулы.
«Саяси, діни көшбасшылар қасиетті Рамазан айында шиеленісті азайтуға бар күшін салады деп үміттенеміз. Қазақстан әрқашан толеранттылықты және дінаралық диалогты нығайтуды жақтайды және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес Таяу Шығыс проблемасын бейбіт жолмен реттеуге бағытталған халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін берік қолдайды»,- деді Смадияров.
Айта кетейік, осыған дейін Израиль қарулы күштері Иерусалим қаласындағы Әл-Ақса мешітіне баса-көктеп кіріп, намаз оқып отырған палестиналықтарға оқ жаудырған. Салдарынан 200-ге жуық Палестина азаматы түрлі дене жарақатын алған еді.

Категория:
За жизнь