????Әлем елдерінің халқы қанша жыл ішінде миллион...

????Әлем елдерінің халқы қанша жыл ішінде миллион доллар таба алады?

Жылдар бойы жұмыс істеген адамдар көбінесе қанша көлемде ақша тапқаны туралы ойламайды. Picodi сайты әр түрлі елдердің тұрғындары орташа айлық жалақы ала отырып, қанша жылда миллион доллар табуға болатынын есептеді.

Аталған рейтингке әлемнің 102 елі кірді. Ең жылдам Швейцария тұрғындары. Олар 14 жыл 3 айдың көлемінде миллион доллар таба алады. Екінші орында Сингапур - 16 жыл 11 айда нәтижеге жетеді. Люксембург тұрғындары ұзағырақ жұмыс істеуі керек. Олар 17 жыл 4 айда белгіленген табысқа жетеді.

Өкінішке орай, ТМД елдерінің тұрғындары миллион доллар табыс табуына өмір сүру жасы жетпейді:

Ресей - 136 жыл 10 ай
Беларусь - 165 жыл 10 ай
Армения - 148 жыл 8 ай
Қазақстан - 171 жыл
Грузия -172 жыл 8 ай
Украина - 215 жыл 10 ай
Әзірбайжан - 228 жыл 8 ай
Өзбекстан - 277 жыл 8 ай

Категория: За жизнь