Петропавлда сепаратизмге қатысты іс бойынша 3 адам...
2 лет назад от ZTB | QAZAQSTAN
Петропавлда сепаратизмге қатысты іс бойынша 3 адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сараптамаға сәйкес сепаратизм белгілері анықталып, «Халық Кеңесінің» үш мүшесіне қатысты төменде көрсетілген баптар бойынша тергеу жүргізілуде.
Атап айтқанда Қылмыстық кодекстің 180 бабы 2-бөлігі «БАҚ-ты пайдалана отырып адамдар тобымен сепаратизмді насихаттау» және қылмыстық Кодекстің 179 бабы «Мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді насихаттау». Күдіктілерге 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Прокуратура өкілдері, басқа қатысушыларға қатысты объективті және жан-жақты құқықтық баға берілетінін атап өтті.
Айта кетейік, осыған дейін СҚО-да «Халық кеңесі» деп аталатын ұйымның белсенділері Қазақстаннан «тәуелсіз» болғысы келетінін айтқан еді.

Категория:
За жизнь