????️Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен...

????️Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Астанадағы «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысқан.

«Бірлік түбі – береке» дейді халқымыз. Қоғамда келісім және татулық болса, еліміз көздеген мақсатына жетеді. Біздің мақсатымыз - айқын. Бұл - Әділетті Қазақстанды құру. Осы жолда бәріміз бір кісідей жұмылайық, ардақты ағайын!

Биыл қасиетті Рамазан айы Ұлыстың ұлы күнімен қатар келді. Ораза ұстайтын жамағаттың ниеті қабыл болсын! Әр шаңыраққа қыдыр қонып, бақ дарысын! Жаңа жыл құт-береке әкелсін»,- деді Президент.

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Категория: За жизнь