Түркістан облысында Арыс өзеніне құлап кеткен 5...
2 лет назад от ZTB | QAZAQSTAN
Түркістан облысында Арыс өзеніне құлап кеткен 5 жасар қыз төрт күннен бері іздестіріліп жатыр. Қыздың туыстары қосымша күш тартуды сұрап отыр, ал құтқарушылар ағысы қатты Арыс өзенін сүзіп шығу қиын екенін айтуда.
Оқиға 17 наурызда Түлкібас ауданындағы Еңбек ауылының маңында болған. Болжам бойынша, қыздардың бірі өзеннен өтпекші болып, абайсызда жағадан суға құлаған. Оны көрген жанындағы балалар ересектерге айтқан. Белгілі болғандай құлап кеткен 2018 жылы туған Нұрикамал Серік есімді бүлдіршін екен.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 37 қызметкері, бір кинолог және екі техника жұмылдырылған. Сонымен қатар 150-ге жуық ауыл тұрғындары іздеуде.
«Әзірге іздеу нәтижесіз. Арыс өзені таудан бастау алады. Қазір секундына 50 текше метр су өтіп жатыр. Ағысы өте қатты және иірім жері өте көп. Осыған байланысты іздеу жұмыстарын қиындатып тұр»,- деді Түркістан облысы ТЖД басқарма басшысы.

Категория:
За жизнь